• Режим работы: пн-пт: 8:00 - 20:00, сб: 8:00 - 15:00, вс: выходной

Тістерді жұлу

Тістерді қабынудың алғашқы белгілерінде бірден жұлу қажеттігі туралы ұсыныс жасалатын уақыт өтті. Сондықтан хирургиялық стоматология – тек тістерді жұлу ғана емес, сонымен қатар оларды сақтауға бағытталған хирургиялық ота жасау.

Қазіргі хирургиялық стоматология:

әртүрлі құрақтық оталар;

синуслифтинг;

тістің имплантация мақсатында сүйек тінін егу;

ауыз қуысындағы жүгендік пластикасы;

іріңді ісіктерді, гранулеманы алып тастау оталары;

түбір басының резекциясы;

тістерді, соның қатарында ақыл тісті жұлу.

Хрург дәрігерлердің мұндай оталарды жасаудағы зор тәжірибесі, жұмыс барысында дентальды микроскоп пен жалпы наркозды пайдалануы үздік нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.

Бірақ мұндай шектеусіз мүмкіндіктер болғанымен де, тістерді жұлу қажеттілігі туындайды. Түрлі клиникалық көрсетілімдер, анатомиялық ерекшеліктер бойынша хирург дәрігерлер ақыл тісті жұлу оталарын жасайды.

Ақыл тіс деп ересек жаста өсіп шығатын тұрақты тісті атайды (үлкен азу тістің шетіндегі соңғы тіс). Бұл тістің шығуы қолайсыздықтар, сондай-ақ әртүрлі асқынулар (тіс жанындағы тіндер, үш тармақты жүйке және т.б.) тудырады. Кейде ақыл тіс бір жаққа қарай қисаяды, себебі, қатар орналасқан тіске бір жағымен ғана тіреледі.

Өкінішке орай, бұл тіс көбінесе қатар орналасқан тістерге зиян келтіреді, ауыз қуысының гигиенасын қиындатады, бүлінеді және асқыну үдерістеріне себепші болады. Мұндай жағдайларда хирург-стоматологтар ақыл тісті жұлуды ұсынады және мұндай отаны жоғары білікті деңгейде жасайды.

Хирург-стоматолог жергілікті жансыздандыру не болмаса анестезиолог дәрігермен бірге жалпы наркоз арқылы күрделі дәрежедегі хирургиялық ота түрлерін жүзеге асырады. Хирургиялық оталардың арнайы жабдықталған ота жасау бөлмесінде жүргізілетінін атап өткен жөн. Мұндай оталарды жасаудың тұрақты жағымды нәтижесіне ықпал етеді, ал пациент үшін хирургиялық емдеу кезіндегі қауіпсіздік пен жоғары жайлылықтың кепілі болып табылады. Стоматолог мамандар тістерді жұлу оталары пациентке басқадай тәсілдермен көмек көрсету мүмкін болмағанда ғана ұсыну қажет дейді. Егер, сіздің тісіңізді жұлу бойынша медициналық қызмет қажет болса, біздің клиниканың мамандары барынша жылдам және аз жарақаттық әсері төмен ота түрін ұсынады.

Яндекс.Метрика