• Режим работы: пн-пт: 8:00 - 20:00, сб: 8:00 - 15:00, вс: выходной

Тістерді қалпына келтіру

Күлімсіреу – бұл жақсы көңіл-күйдің ғана белгісі емес, сонымен бірге адами қарым-қатынастың маңызды элементі. Ал, тістегі кемшілікті қайтеміз? Біріншіден, уайымға салынбау керек, өйткенітістерді көркемдеп қалпына келтіру мәселесін жедел шешуге болады.

«Тістерді көркемдеп қалпына келтіру» термині – қатар орналасқан тістерге барабар болатындай етіп тістің бастапқы пішінін, құрылымын, түсін және басқа өлшемшарттарын қалпына келтіру дегенді білдіреді. Қарапайым сөзбен айтқанда, тістерді қалпына келтіру – тісжегімен зақымданған немесе бұзылған тістерді реставрациялық материалдарды түсі мен мқлдірлігі бойынша дұрс падалану жолымен бастапқы түріне келтіру.

Нәтижеге қол жеткізу үшін стоматолог суретші-реставратор қабілетіне, түстерді ажырату, ұғыну мен қайта жандандыру дағдыларына ие болуы мен жоғары дәрежеде орындай білуі тиіс. Сондықтан, тістерді көркемдеп қалпына келтіру бағасы кейбір адамдарға қымбат болып көрінуі мүмкін болғанымен, қазіргі кезде әдемі күлкі мен сау тістер үшін күресудің жалғыз құралы болып табылады.

Бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдар алдыңғы тістерді көркемдеп қалпына келтіру пациенттің тартымды болуына сенімді болудың бірден-бір жолы. Ал сіз қалай ойласыз?

Тікелей немесе жанама реставрация. Ол туралы не білу керек?

Тістерде әрекет ету тәсілі бойынша тістердің эстетикалық реставрациясы тікеле және жанама реставрация болып бөлінеді.

Тікелей реставрация кезінде стоматолог зақымданған тісті сәулемен қататын реставрациялық материал – фотополимердің көмегімен бұзылған бөліктерін үлгілеп, қалпына келтіреді.

Егер, алдыңғы тісті қайта қалпына келтіру немесе қисық тістерді қалпына келтіру қажет болса, осы әдіс әмбебап болып табылады, себебі оған бір сеанста қол жеткізуге болады.

Тікелей қалпына келтіру кезінде тіс ерекше тәсілмен өңделеді. Осы тұста зақымданған тістен және оның реставрациялық бөлігінен қалып алынады да, арнайы технологияның көмегімен керамикадан дайындалады.

Бұл әдіс тісті винирлермен қайта қалпына келтіру деп те аталады және шайнайтын тістерді қалпына келтіру қажет болған жағдайда да қолдануға болады.

Әрине, тісті жанама қалпына келтірумен салыстырғанда тікелей қалпына келтіру арзанырақ.

Алайда, тістерді қалпына келтірудің соңғы бағасын тек білікті маман анықта алады.

Қалай болғанда да тістерді көркемдеп қалпына келтіру құны – өзіңіздің әдемі күлкіңіз үшін жұмсалған тиімді қаражат!

Алдыңғы және шайнайтын тістерді эстетикалық қалпына келтіру – жарқырай жымиюдың кепілі!

Өзіңізді сенімсіз сезіну мен күлкіңізді жасырудан жалықтыңыз ба? Олай болса, Қалалық стоматологиялық клиникаға хабарласыңыз, мұнда Сіздің тартымды күлкіңіздің негізі болып табылатын тістеріңізді білікті мамандар жылдам, әрі ауыртпай қалпына келтіреді.

Ал, егер, шайнайтын тістеріңізді қалпына келтіру қажет болса, көркемдеп қалпына келтіреміз. Cerec 3d заманауи технологиясының көмегімен мынадай қызметтер көрсетіледі:

  • тістің әдемілігі мен пішінін қалпына келтіру;
  • тіс қатары мен тістердің пішіндерін түзету;
  • тістің түсін өзгерту;
  • тіс қатарындағы тістің дұрыс орналаспауын түзету;
  • тіс арасындағы тесіктерді жабу.
Яндекс.Метрика