• Режим работы: пн-пт: 8:00 - 20:00, сб: 8:00 - 15:00, вс: выходной

Тістерді протездеу

Тістің толығымен болмауы немесе жұлынған тістің орнына протез салу

Заманауи стоматологияның шүбәсіз артықшылығы – оның табиғи сау тістер үшін күресуге бағытталған. Бірақ, кейбір жағдайларда табиғи тісті жұлмау мүмкін емес және қолайсыздық пен сенімсіздік сезімін тудырмас үшін оның орнын немен алмастыруға болатыны туралы мәселе туындайды.

Осы тұста, қазіргі кезде ең соңғы технологиялардың арқасында жаңа дәрежеге көтеріліп келе жатқан тістерді протездеу әдісі көмекке келеді. Көптеген адамдардың жасына қарамастан, тістерді протездеу адамның толыққанды өмір сүруіне ықпал ететін көмекші болып табылады.

Тістерді протездеу толық немесе жартылай болады. Жартылай протездеу кезінде көпіртәріздес құрылымдар немесе имплантаттар көмегімен бір тісті немесе бірнеше тістерді қалпына келтіру көзделген. Бұл әдіс алдыңғы тістерді протездеу қажет болғанда қолдану орынды, мұндай эстетикалық протездеу пациенттің бұрынғыдай тартымды жымиюын қайтарады.

Тістерді толықтай протездеу – маман анықтаған параметрлер бойынша дайындалатын алмалы-салмалы протездің көмегімен тіс қатарын қалпына келтіру.

Көптеген адамдарды қызықтыратын мәселе – тістерді протездеу бағасы. Бірақ бұл дербес қаралатын мәселе, себебі, маман пациентті мұқият қарау нәтижесінде тістерді протездеу бағасы анықталады.

Яндекс.Метрика