• Режим работы: пн-пт: 8:00 - 20:00, сб: 8:00 - 15:00, вс: выходной

Қызылиек аурулары – қатаң қадағалауды талап ететін барынша маңызды мәселе.

  • қанауға бейім қызылиек
  • жоғары сезімталдық
  • тістердің қозғалғыштығы

Ең жағымсыз нәтиже – тістердің түсуіне алып келетін, тістерді қоршаған тіндердің (пародонттың) қабынуының қауіпті белгілері.

Қызылиектің қабынуының басты себебі  — тістерде қалдықтар мен тіс тасының жиналуына себепші бактериялар. Олар пародонтқа патогендік әсер етеді және оған ерте кезеңде көңіл бөлінбейтін болса, қабынулар созылмалы кезеңге өтіп кетеді.

Гингивит – пародонтиттің алғашқы сатысы болып табылатын қызылиектің кеңінен таралған сырқаты. Гингивиттің басты себебі – ауыз қуысы гигиенасының дұрыс болмауы. Тістерде бактериялардың жиналуы, тіс тастарының пайда болуына әкеліп тірейді, ал оның салдарынан қызылиек қабынады. Қабыну барысында пародонтальды қалталар пайда болып, қабыну үдерісі тісті қоршап тұрған сүйек тіндерінде де басталады.

Гингивиттің негізгі белгілері:

  • ауызда жағымсыз иістің болуы;
  • тісті тазалау және тамақтану кезінде болатын жағымсыз сезімдер
  • қанауға бейім қызылиек

Осы белгілер кезінде бірден маманға қаралып, дер кезінде гингивитті емдеуді бастау керек.

Қызыиек сырқаттары білікті стоматолог-пародонтологтың қатаң қадағалауын, тұрақты түрде ауыз қуысының кәсіби гигиенасын және үйде тістер мен қызылиекке мұқият күтім жасауды талап етеді.

Пародонт сырқатының алғашқы кезеңінде ультрадыбыстық қондырғымен тістің тастарын алу қажет, ал қызылиек сырқатының күрделі кезеңінде тіс-қызылиек қалталарын дәрі-дәрмектік тәсілмен мұқият өңдеп, үйде ауыз қуысының гигиенасына басым көңіл бөлу керек.

Қызылиек ауруларына бейімділік болған жағдайда пародонтологқа қаралапы, жылына 2-3 рет профилактикалық ем алу қажет.

Клиниканың пародонтолог дәрігері қызылиек сырқаттарының диагностикасын және инвазиялық емес дәрі-дәрмектік әдіспен, не болмаса микрохирургиялық тәсілдермен емдейді. Тістердің түсуіне әкеліп тірейтін қызылиектің қабынуы баяу жүреді және осы сырқатға бейім адамдар аса мән бермейді. Қызылиектің қабынуын емдеу жеңілірек, сондықтан біз пациенттерге тұрақты түрде профилактикалық тексеруден өтуді ұсынамыз, кәсіби гигиеналық емшаралар жүргізіп, күрделі асқыну түрлері кезінде ем тағайындаймыз.    

VECTOR пародонтологиялық қондырғы

Тістердің жұмсақ және қатты тұнбалары, тістің бетіндегі қалдықтар пародонтологиялық сырқаттардың дамуының басты себебі екені анықталды. Тістің қолжетімді қабатындағы қалдықты қарапайым кәсіби тазалау мүмкін болса, тіс-қызылиек қалташасындағы қалдықтарды (тістің және қызылиек тіні қабысатын орындар) профилактикалық тазалау мүмкін болмайды.

Тіс-қызылиек қалташаларының түбіндегі бактериялар мен токсинді қалдықтарға толы пародонтиттің даму үдерісінде тістің түбірін қоршаған қызылиек пен тіс тінінде олардың ұлғаюы мен бірге жүретін қабыну процестері туындайды.

Пародонтиттің ілгерілеуімен күресу үшін тікелей хирургиялық әдістерден басқа механикалық әдістер – тіс-қызылиек қалташаларын металл аспаптармен механикалық тазалау (кюретаж) әдісі қолданылады. Сонымен қатар, тазарту үшін ультрадыбыстық құралдар да қолданылады. Алайда, механикалық және ультрадыбыстық тазалаудың кемшілігі бар – ол тазалау барысында қызылиектің терең тіндері мен түбір аймағындағы тістің үстіңгі қабаты жарақаттанады. Қолмен тазалау кезінде пародонтологтың шамалап іс-әрекет етуіне тура келедің, сондықтан сау тіндерді жарақаттамау мүмкін емес. Ультрадыбыстық скалер көмегімен тазалау кезінде ультрадыбыстық физикалық қасиеті тіс-қызылиек қалташасының жасырын тереңіндегі қалдықтарды алуға мүмкіндік береді, бірақ ультрадыбыстық аспаптың ретсіз ұруы мен тербелуі, оның ысуы ауырсыну сезімдерін тудырады. Сонымен қатар, әдеттегі ультрадыбыстық скалер тіс-қызылиек қалташасын мм аспайтын тереңдікте тазартады. Скалердің ультрадыбыстық бойлай тербелісі қалдықтарды жанаспай – микрокөпіршікті сұйықтықта туындайтын энергиямен бұзуға мүмкіндік береді.

Vector аппаратының пайда болуымен пародонтитті ультрадыбыстық емдеу әдістерінің тиімділігіне күмән жоқ. Себебі, оның бірегей құрылымына байланысты басты проблема - тазалаушы құралды ретсіз ұруы болмайды. Ультрадыбыстық тербелістер резонанстық контур арқылы аспапқа беріледі, нәтижесінде аспапқа реттелген тербелістер хабарланады – оның қозғалысы қатаң түрде тазартылатын тіс қабатының бойымен жүреді. Бүйірлік тербелістер тіс-қызылиек қалташаларындағы қызылиек тіндерін тітіркендірмейді және тіс түбірінің үстіңгі қабатын бұзбайды, сондықтан Vector аппараты сезімталдығы жоғары пациенттердегі пародонтитті емдеуге де жарамды. Тербелістердің реттілігі арқасында ультрадыбыстың ену тереңдігі – 11 мм дейін, бұл көптеген жағдайларда емдеудің хирургиялық әдісін пайдаланбауға мүмкіндік тудырады.

Vector қондырғысы аурудың себебіне бағдарланған. Vector қондырғысы биоқабықты, түйіншекті, тіс тастарын, эндотоксиндерді алады, сонымен қатар ауру тудыратын бактерияларды жылдам әрі тиімді жояды.

Vector қондырғысын пайдалану кезінде эргономикалық және жанасу сезімталдықтың жоғары дәрежесінде, тіпті 5,9 және 11 мм астам тереңдіктегі қалташаларда жұмыс істеуге болады. Тіс-қызылиек қалташасын өңдеу үдерісінде жұмыс аспабына 10 нм көлемінде гидроксиапатит бөлшектерінен тұратын қоспа беріледі. Бұл бөлшектер ультрадыбыстық өрісте ретті тербеле отырып, қызылиек асты қалдықтарды, эндотоксиндерді тіс-қызылиек қалташасынан алып тастайды және тістің беткі қабатын жылтыратады. Сондай-ақ гидроксиапатит қызылиектің емдік шарадан кейін жылдам қалпына келуіне ықпалын тигізеді. Vector қондырғысымен емдеу кезінде жағымсыз әсерлер болмайды. Пародонтитті Vector қондырғысымен тазарту үшін күрделі формалардың: тістің түбірі мен имплантаттың бекіткіші терең орналасқан аймақтың еткі қабатын тазартуға мүмкіндік беретін композиттік материалдардан жасалған иілгіш аспаптар қолданылады.

Vector қондырғысы мұндай жағдайдағы жалғыз альтернатива болып табылады. Пациенттер Vector қондырғысымен емдеуге жақсы көзқараста, себебі, тазалау барысында және одан кейін тіс-қызылиек қалташаларында жағымсыз әсерлер болмайды.

Яндекс.Метрика