• Режим работы: пн-пт: 8:00 - 20:00, сб: 8:00 - 15:00, вс: выходной

Тістемді түзету

Адамдардың басым көпшілігінде белгілі бір дәрежеде тістемнің бұзылуы мен тістердің қисаюы болады. Әрине, ортодонтиялық емдеу барлық жағдайларда қажет болады, бірақ тістемнің ауытқушылығы анықталғанда бұл мәселені дер кезінде шешу қажет болады. Қисық тістер адамдармен қарым-қатынас жасауда кедергі болады, алайда, ортодонтия тек тістің сыртқы келбетінің эстетикалық тартымдылығын қалпына келтірумен қатар, көптеген стоматологиялық аурулардың басты себептері ретіндегі тістемнің ауытқушылығын жоюға бағытталған.

Тістемнің дұрыс болмауына байланысты беттің пішіні өзгереді, адамның сөйлеуі анық болмайды, тағамды дұрыс шайнамағаннан ас қорыту мүшелеріне түсетін жүктеме ұлғаяды. Дұрысында, тістемнің дұрыс болмауын балалық кезеңде түзету қажет, дегенмен, заманауи ортодонтиялық әдістемелер ересек адамдарда да тістемді түзетуге мүмкіндік береді.

Ортодонт дәрігерлер өздерінің тәжірибесінде тістерді және тістемді күрделі жағдайларда түзетуге мүмкіндік беретін әдістемені нәтижелі пайдаланады. Тістемді түзетуге арналған түрлі брекет-жүйелер бар, олар пішіні, дайындау материалы, сыртқы түрі мен бағасы бойынша ерекшеленеді. Егер, бағасына тоқталатын болсақ, металл мен керамикадан жасалған брекеттер қолжетімді, бірақ олар тісте көрініп тұрады. Керамикалық брекеттер тістің түсіне қарай таңдалып жасалатын болғандықтан металл брекеттерге қарағанда жарасымды, дегенмен, сипаттамасы бойынша заманауи брекет-жүйелерге жетпейді.

Брекеттердің құрылымы алмалы емес және тістерге ұзақ уақытқа бекітіледі. Осыған байланысты көптеген ересек пациенттер үшін көзге бірден түспейтін брекет-жүйелерді таңдау басым болады. Мұндай жүйелерге қазіргі кезде кеңінен қолданылатын сапфир брекеттер жатады. Монокристалдық сапфирлерден дайындалатын брекеттер жалпы тістер аясында ерекшеленбейді және ешбір қолайсыздық тудырмайды.  

Сапфир брекеттер сарғылттығы анық көрінбетін тістерге лайықты, өйткені, олардың мөлдірлігі күңгірт тістерге қарама-қарсы болуы ықтимал. Сапфир брекеттерге үйрену жылдам болады, бірақ мұндай тәсілмен тістемді түзету ұзақ уақытты алады.

American Ortodontics сапфир брекеттері

Тістемді түзету

Сапфир брекеттер ортодонтияда пайда болған айқын емдеу сұранысы негізінде құрылған. Қазіргі кезде көптеген адамдар әдемі, тартымды күлімдеуге ұмтылады. Оған тістердің қисық болуы кедергі болады.

Егер, бұрын тістемді түзету (әсіресе, ересек жаста) күрделі мәселе болса, бүгінгі күні оны еш қиындықсыз ортодонтиялық емдеу көмегімен жүзеге асыруға болады.

Пациент тарапынан ешқандай ерекше күш салу талап етілмейді, себебі, ортодонт жаңа технологиялар көмегімен барлық жұмысты өзі атқаруы брекеттердің басты артықшылығы болып табылады.

Заманауи жүйелер әртүрлі материалдардан дайындалады, олардың кез келген құрылымдық ерекшеліктері, тіпті дербес бола алады.

Соңғы кездері сапфир брекеттерді пайдалану басым болып келеді, суреті осы материалда қолданылған.

Әртүрлі сатушылардан бағасы, сәйкес келуі мен сапасы жағынан таңдау жасауға болады.

Сапфир брекеттердің қарапайым металл брекеттерден айырмашылығы, олардың мөлдір болуында. Сол арқылы олар толықтай тістің түсімен үйлесіп кетеді.

Олардың керамикалық жүйелермен кейбір ұқсас қасиеттерімен қатар, жекелеген функционалдық айырмашылықтары да бар.

Негізгі мақсат – тісте ашық түсті болуы мен тістерді жылдам түзету үшін барлық стоматологиялық жағдайлар жасау.

Сапфир брекеттер және олардың құны әрдайым өзінің сенімді клиенттеріне ие болады. Сапфир брекеттерді білікті мамандар ең талапшыл пациенттер үшін әзірлеген, осыған ұқсас брекеттердің пайда болуына қарамастан, олар әлемнің миллиондаған адамдарының көңілінен шықты.

Жасанды жолмен өсірілген сапфир кристалдардан жасалатынын атап өткен жөн. Ауызда айтарлықтай жайсыздық тудырмауы сапфир брекетті қоюдың басты артықшылығы болып табылады., сондықтан да пациенттің дикциясының бұзылуы байқалмайды.

Басқа жүйелерді пайдалану мүмкін емес, медициналық күрделі жағдайларда сапфир брекеттерді пайдалануға болады. Мөлдір сапфир брекеттер көптеген пациенттердің пікірлері боынша өте жақсы көрінеді, жымию кезінде ерекше тартымды көрінеді.

Жүйенің нарыққа шығарылған сәтінен бері көптеген жылдар өтті және осы кезең ішінде пациенттердің басым бөлігі риза болғандықтан өз таныстарына осы емдеу түрін ұсынады.

Сапфир брекеттер өте қатты, дегенмен, оларға ұқыппен қараған дұрыс. Пациент белгілі бір тағамдарды ғана жеу керек деп шектемей, абайлап тамақтанғаны жөн. Дұрыс басталған күтім емдеуге кері факторлардың араласуына мүмкіндік бермейді.

Сапфир брекеттерге күтім жасау металл брекеттерге қарағанда күрделі болатынын атап өткен дұрыс, оны мөлдір бөліктерін өңдеу сапасымен түсіндіруге болады.

Сонымен қатар, сапфир брекеттер арқылы тістемді түзету үдірісі металл брекеттерді пайдаланумен салыстырғанда біршама баяу жүреді. Сапфир брекеттердің тіс пен доға арасында болатын қажалысқа ие, оның нәтижесінде орнын ауыстыру кезінде тістің қозғалуына байланысты болады. Алайда, маманның барлық нұсқауларын орындай отырып, тістемді түзету үдерісін артық жүктемесіз емдеуді жеделдете аласыз.

Сапфир брекеттер қазіргі қоғамда тісті сәнді әсемдеу ретінде қолданылып келеді. Тістемді сапфир немесе керамикалық брекеттермен түзету мәселелеріне қатысты тәжірибелі, жоғары білікті ортодонт дәрігермен кеңесу қажет.

Яндекс.Метрика