• Режим работы: пн-пт: 8:00 - 20:00, сб: 8:00 - 15:00, вс: выходной

Дентальды импланттау

Жымиюға ұяласыз ба? Тамақ шайнау қиындады ма?

Дентальды имплантация жұлынған тістердің орнын алмастыру және олардың қызметі мен сыртқы түрін қалпына келтіру кезіндегі барынша болжалды емдеу әдістемесі болып табылады.

Дентальды имплантат деген не?

Тіс имплантаты деген не екенін білу үшін тістің қалпа орналасқанын түсіну керек. Табиғи тістің жақсүйекте орналасқан түбірі және бізге көрінетін сауытты бөлігі болады. Имплантат жұлынған тістің түбірін алмастырады. Имплантантқа жоқ тісті қалпына келтіретін сауытты, бірнеше сауыттан тұратын көпіртәріздес протезді немесе алмалы-салмалы протезді бекітуге болады. Стоматологтардың ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибесі, көптеген ғылыми жарияланымдар мен жүргізілген зерттеулер имплантациялық емдеу нәтижесінің жоғары, яғни, 7-10 жыл ішінде 95% астам көрсеткішті анықтайды.

Дентальды имплантаттардың артықшылығы

Имплантаттар өте ыңғалы және табиғи тістерге барынша ұқсас эстетикалық және функционалдық нәтиже береді.  

  • Функциональдылық. Имплантаттар шайнау қызметінің тиімділігін қалпына келтіреді, оның тұрақты болуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар табиғи тістерге ұқсас болады және сезіледі.
  • Табиғи тістерді сақтап қалу. Дентальды имплантантты сауыттармен бірге табиғи тістермен қатар орналасқан жұлынған бір немесе бірнеше тістердің орнына («ақаулар») орнату, сау тістерді егемеу мүмкіндігі мен көпіртәріздес протездің астындағы түбір арналарын емдеу.
  • Эстетика. Сезіну мен сыртқы түрі бойынша дентальды имплантаттар сау тістерге өте ұқсас. Олар пациенттің еркін жымиюына, күлуіне, тамақты сапалы шайнауы мен адамдармен сенімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
  • Имплантаттарды кәсіби стоматологтар 40 астам уақыт бойы тістерді тиімді және сенімді қалпына келтіру әдісі ретінде бағалайды.  
  • Табиғи тістің түбірін алмастырады. Пациент ешқандай айырмашылықты сезбейді.
  • Биологиялық сәйкестігі жоғары материалдардан дайындалады. Нәтижесінде олар ағзада қабылданады.
  • Имплантат ауыз қуысының гигиенасы мен дұрыс күтімі барысында ұзақ жылдар бойы қызмет етеді.
  • Аз дәрежеде хирургиялық араласу арқылы орнатылады. Қарапайым протездеу кезінде жүргізілетін қатар орналасқан сау тістер егеу әдісі қолданылмайды.
  • Сүйек тіні сақталады және сүйек тіндері жасушаларының белсенділігін арттыру арқасында алдағы уақытта оның қысқаруы мүмкіндігін азайтады.
  • Тұрақтылық пен жайлылықты қамтамасыз етеді. Орнатылғаннан кейін түзету қажеттілігі болмайды.

Имплантация кімдерге салынады?

Дентальды имплантаттарды барлық адамдарға салуға болады. Кейбір сырқат түрлері болған жағдайда көрсетілімдер мен мүмкіндіктерді анықтау үшін маманның кеңесі қажет болады.

 

Импланттаттарды пайдалана оңалту

Егер, сіздің бір тісіңіз болмаса

Жасанды сауыт орнатылған стоматологиялық имплантат мұндай мәселенің бірегей шешімі бола алады. Бұл оңтайлы эстетикалық және функционалдық шешім. Ол қатар орналасқан тістерді егеу мен сау тістермен қатар орналасқан түбір арналарына пломба салу қажеттілігін болдырмайды.

Егер, қатарынан бірнеше тістеріңіз болмаса

Мұндай жағдайда имплантаттар мен сауыттардың көмегімен оңалту қолайсыздық тудыратын және сүйек тінінің жойылуы мен өмір сүру сапасының бұзылуына әкеліп тірейтін протездерді кию қажеттілігінен босатады.

 

Егер, сіздің тістеріңіз мүдем болмаса

Жоқ тістердің және протездердің орнына салынатын сауытты имплантаттар.  

Көпіртәріздес протездермен үйлестірілген бірнеше имплантаттар функционалдық тістерді толықтай сезінуге мүмкіндік береді. Мұндай шешім сүйек тінінің сақталуын, барынша эстетикалық нәтижені, сонымен қатар, қауіпсіздікті, тұрақтылықты пен қорғанысты қамтамасыз етеді.

Алмалы-салмалы протезді бекітуге арналған имплантаттар. 

Имплантаттар алмалы-салмалы протездерді тқрақтандыру мен бекітуге ықпал етеді. Имплантатсыз протездер табиғи тістердің ең жақсы алмастырушысы болып табылады. Тіс резорбциясы протездің қозғалмалы болуы, шанау үдерісінің нашарлауы, сонымен бірге жалпы қолайсыздық кезінде оларды пайдаланады. Алмалы-салмалы протездерді бекітуге арналған имплантаттарды орнату жағдайды жоғарыда аталған барлық параметрлер бойынша оңтайлы етеді.  

Процедура қалай жүргізіледі

Емдік шараға жатады:

  • Имплантатты сүйекке орнату кезіндегі хирургиялық саты
  • Оңалту сатысы, яғни, тісті имплантатқа және табиғи тістің сыртқы келбетін көрсететін жасанды сауытқа бекітілетін супрақұрылым (абатмент) көмегімен қалпына келтіру.

Процедура

Ең жоғарғы мерзімдер*

Тісті жұлу

Жақсүйектің резорбциясы (жоғалту, жұлу) тісті жұлғаннан кейін бірден басталады. Көптеген зерттеулер сүйекке орналастырылған дентальды имплантаттардың сүйек тіні резорбциясының табиғи үдерісін баяулатуға, тіпті оның толықтай тоқтауына ықпал ететінін көрсетті. Сондықтан имплантацияны жұлынған тістің орны жазылғаннан кейінгі барынша қысқа мерзімде жүргізген маңызды.  

Тісті жұлғаннан имплантация күніне дейін, шамамен екі ай

Имплантация

Имплантатты сүйекке орналастыру барысындағы хирургиялық процедура.

Имплантаттың «орнығу» мерзімі – 3-6 ай

Имплантатқа құрылымды орналастыру

1 апта – 1 ай

Сауыт

1-3 апта

* Кейбір жағдайларда бірнеше процедураны бірден орындауға болады

Сіз білесіз бе:

  • Тістерді жоғалтқан кейінгі қысқа мерзімде жасалған дентальды имплантация сүйектің кемуінің алдын алады және бет кескіні эстетикасын сақтайды.
  • Маңызды! Тісті жұлғаннан кейінгі алғашқы екі ай ішінде сүйектің биіктігі 2 мм және бірінші жылдың соңында 2 мм төмендейді.

Шұғыл имплантация

Тіс жұлынғаннан кейін бірден имплантат орнату шұғыл имплантация деп аталады. Бұл дәрігердің анықтауымен қолайлы жағдайда ғана жүзеге асырылады. Мұндай әдіс жазылу үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді (жұлынған тістің орны жазылады, сонымен бірге имплантат орнығады). Емдеу жоспарын құру үшін стоматологтың кеңесі қажет.

Жедел жүктеме

Бұл әдістеме боынша имплантатқа уақытша реставрация (сауыт немесе басқа) имплантат салынғаннан кейін бір орналастырылады. Мұндай реставрация уақытша болып табылады, бірақ пациенттің клиникадан имплантация жасалған күні бірден «жаңа тістермен» шығуына мүмкіндік береді. Бұл әдіс тістің алдыңғы қатарындағы проблемалардың шешілуіне ықпал етеді. Емдеу жоспарын құру үшін стоматологтың кеңесі қажет болады.

Сүйек аугментациясы (сүйек көлемін ұлғайту)

Сүйек тінінің жоылуына бірнеше себептер бар: қызылиектің ауруы, туа біткен жалпы соматикалық сырқаттар, тістерді жарақаттап жұлу және т.б. Сүйек аугментациясы үдерісі (көлемін қалпына келтіру) стандартты болып табылады және бүгінгі күні дәрігердің құзырында тиімділігі дәлелденген альвеолярлық сүйек айдарының ені мен биіктігін ұлғайтуға мүмкіндік беретін бірқатар нәтижелі технологиялар бар. Дәрігер жаңа сүйекті қалыптастыруға ықпал ететін остеоалмастырушы материалдарды пайдаланады. Кейбір жағдайларда имплантация сүйек трансплантациясына барабар процедураларды падалану арқылы жүргізіледі. Сүйектің тиісті ені мен биіктігін алу үшін аугментативті процедуралардың нәтижелерін күту ұзақ уақытты, шамамен 4-6 айды қажет етеді. Осыдан кейін ғана имплантатта орнатылады. Сүйек тінін қалпына келтірумен қатар имплантаттарды орнату мүмкін, бірақ ол туралы шешімді дәрігер қабылдайды.

Синус-лифтинг

Жоғарғы жақсүйек қуыстары («синустар») жоғарғы жақ денелерінің ішінде орналасқан табиғи қуыстарды («бос орынды») білдіреді (адамда оң және сол жақ қуыс болады). Кейбір жағдайларда имплантаттарды орнату үшін осы қуыстардың ішкі көлемі есебінен алдын ала немесе имплантациямен бірге жүргізілетін сүйек аугментациясы (ұлғайту) қажет болады. Аталған емшара ішкі көлемді босату, одан кеін имплантатты орнатуға қажетті остеопластикалық материалдарды енгізу үшін жоспарланған имплантация аумағындағы гаймора қуысының шырышты қабатын итеруден тұрады  

Яндекс.Метрика