• Режим работы: пн-пт: 8:00 - 20:00, сб: 8:00 - 15:00, вс: выходной

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2136 Қаулысына сәйкес

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы»

(27.01.2014 ж. жай-күйі боынша өзгертулер мен толықтырулармен)

ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) шеңберінде емханада келесі қызмет түрлері көрсетіледі:

     - халықтың әлеуметтік әлсіз санаты үшін шұғыл стоматологиялық көмек (жедел ауыру): жансыздандыру, егеу және химиялық тұрғыда қатаятын композитті материалдардан пломба салу, жансыздандыру арқылы тісті жұлу (алып тастау), периостотомия, іріңді ісіктерді тілу.

    - маманның жолдамасы боынша 18 жасқа дейін жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмек қызметтері (ортодонтиялық және ортопедиялық көмектен өзге), жансыздандыру құралын пайдалану арқылы тісті жұлу, егеу және химиялық қатаятын композитті материалдардан пломба салу. Мектепке дейінгі балаларға білім беру ұйымдарындағы балалардың, жүктілігі бойынша есепке алынған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеру. 

   - тіс-жақ ақауларын жоюға арналған аппаратты (ортодонтиялық пластика) пайдалану арқылы тіс-жақ аумағының туа біткен ақаулары бар балаларға ортодонтиялық көмек көрсету қызметі. 

Яндекс.Метрика